29.06.2007

ҚАЗАҚСТАН КАРТОГРАФИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………....2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. «КАРТОГРАФИЯ» ҰҒЫМЫ.............................................................................3
а) Карта пайдаланудың қысқаша тарихы…………………………………5
ә) Карта пайдалану деңгей…………………………………………………8
б) Картографияның салалалары…………………………………………...9

2. ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ……………………………………………...9
а) ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі....................................................10
ә) Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру..........................................12
б) Аннотация және оны құру жолы.......................................................... 14
в) Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу............14

3. ҚАЗАҚСТАН КАРТОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ...............15
а) Геологиялық карталар............................................................................17
ә) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу...............................19
б) Тұңғыш Ұлттық Атлас...........................................................................20
в) Картография – пән ретінде....................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................25


КІРІСПЕ

Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.

“Картография” ұғымы

Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. [7]
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. [7]
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде. [7]
Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс. Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып, картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс. [5]
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді. Топография – географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты­ картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.


Карта пайдаланудың қысқаша тарихы

Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті. Орта ғасырдың географы Герард Меркатор (1512-1594) өзі құрастырған картографиялық өнімдердің тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігін ескере отырып, қосымша сілтемелер мен нұсқаулықтар беріп отырды. Мәселен, 1541 жылы даярлаған глобусын арнайы «Глобусты пайдалану туралы кітап» аталатын нұсқаулықпен толықтырды. 1569 жылы жарық көрген бірінші рет цилиндрлік проекциялау қолданылған, 18 беттік картасына Меркатор «Жергілікті жерде арақашықтықты өлшеу әдістері» аталған ақпараттық бет енгізді, сонымен бірге, навигациялық сұрақтарды шешу үшін пайдаланылатын «Бағыттар көрсеткіштерін пайдаланудың қысқаша сілтемелері» деген сызба қоса берілген. Алғашқы ғылыми зерттеулер үшін карталар пайдалану тәжірибесі XVIII-XIX ғасырларға жатады, осы кезеңдегі ғылым (атап айтқанда, геология, география, климатология) көмегімен алынған ақпарттар мен мәліметтердің жүйеленуі – алғашқы ғылыми карталардың жасалуына оң ықпалын тигізді. Өз кезегінде мәліметтердің картографиялық түрде үлкен аумақты қамтып таралуы жаңа саналуан салыстырмалы географиялық зерттеулердің жасалуына түрткі болды. Ал карталардың өзі осындай зерттеулердің құралы болып, адамдарға көбірек қызмет ете бастады. [7]
Көптеген табиғи және ғаламдық заңдылықтар карталар көмегімен айқындалды. Бір құбылыстың екінші бір құбылыспен байланыстары анықталды, тіпті әлі ашылмаған ойкумендер турасында болжамдар жасала бастады. Мәселен, Ф. Бюаштың 1753 жылы карта арқылы Жер шарындағы тау тізбектері мен өзендердің орналасуын зерттеген еңбегін атап өтуге болады. 1817 жылы А. Гумбольдт Жер шарындағы жылудың таралу заңдылықтарын анықтауға ұмтылып отырып, бірінші рет изотермдік карта жасап шығарды, оны талдай келе, климаттық зоналарды ашты. Карта көмегімен ол өсімдік жамылғысының зоналық ерекшеліктерін тапты, одан кейін осы салада еңбек еткен Докучаев та картаны сараптау нәтижесінде, географиялық ортаның белдемдігі (зона) бар екенін дәлелдеді. Вегенердің картаға сүйеніп, Бразилия мен Африканың атланттық жағалауларының ұқсастығын табуы, кейіннен «Құрлық дрейфі және қазіргі ғаламдық тектоника» теориясының пайда болуы мен дамуына жол ашты.
Қазақстан картографиясы туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген тарихшылардың географ қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың «Қашқарға сапары туралы» «Ыстықкөлге саяхат» жазбалары картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ картографиясына қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді талап етеді. Қазақстан картографиясы өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына бодан болдық. Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты.
ХІХ ғасырда картаны пайдалану тарихындағы басты тұлғалардың бірі – талантты географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері, Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло (1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны құрал ретінде пайдалануы Орталық Ресейдің магниттік өрістерінің таралуын анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы аймақтардың таралу заңдылықтарын зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің басты су бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, «қиын параллельдерді» ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-түріне талдау жасады. Тиллоның Еуропа шегінде және Азия аумағындағы өзендердің ұзындығы мен өзен бассейндерінің ауданын өлшеген өте ауқымды картографиялық жұмыстарын классикалық дүние санауға болар: жұмыстың орасандығын мына сан дәлелдеп береді: тек қана Ресейдің Азиялық бөлігінде 3000-ға тарта өзен ұзындықтары мен бассейндерінің аудандарын анықтаған. Ю. Шокольский картаны таными құрал ретінде жоғары бағалады. Ол «Карта – географтың ең басты қаруы»,-деп жазды. Картаның көмегімен географ өзінің зерттеу жұмыстарын даярлайды, оған өз нәтижелерін енгізеді, ал карталар өз кезегінде олардың алға қарай жылжуы үшін қызмет етеді. Карта – адамға бүкіл әлемді бірден-ақ көруге мүмкіндік беретін, Жер шарын танып-білудің жалғыз ғана таңғажайып қаруы. «Географияда картаны қажетсінбейтін сұрақ жоқ, сондықтан географ картаны толық білуі тиіс»,-деп жазады А. Берлянт. Шокольскийдің жолымен картометрия мен морфометриялық сұрақтармен Н.Волков., Г.Гинзбург., В.Философов., т.б., ғалымдар айналысты. Әсіресе, Волковтың карта бойынша ұзындық, аудан, көлем өлшеу мәселелері енген, карталар мен картометриялық жұмыстарының дәлдігі қарастырылған, морфометрияның жеке бөліктерінің негіздері талданған «Картометрияның ұстанымдары мен әдістері» атты монографиясы (1950) іргелі еңбек еді. С.Д.Муравейскийдің еңбегі гидрологияда картаны пайдаланудың терең әдістемелерінен тұрды. Оның өзен-көл морфометриясы бойынша зерттеулері картографиялық және математикалық зерттеу тәсілдеріне классикалық түр үлгісін береді. Кеңестік кеңістікте географияның жаңа бір бұтағы – экономикалық география пайда болды Және ол бірден-ақ әлемнің қалыптасуы мен әлемді танудың зерттеу құралы етіп картаны алды. Экономикалық географияның бастауында карталар мен картографиялық талдауларға бірінші және негізгі мән үстеген ғалым Баранский болды. Ол «карта географтарға далалық зерттеу жұмыстарында ғана емес, «ғылыми кабинеттердің тыныш жағдайында» да қажет екендігін, далалық зерттеулерден келген мәліметтер қоры арқылы да бөлмеде отырып, географиялық заңдылықтар мен олардың кеңістікте таралуын, құбылыстардың қатынасы мен мазмұнын ашуға болады»,-деп атап өтті. [5]
Баранский құбылыстың байланыстарын диалектикалық тұрғыда талдай келе, картаға өз бағамдауыңды енгізуді географиялық ойлаудың басты ерекшелігі ретінде көрді. Ол географияда картаның мәні мен рөлін анық сипаттап берді:
1) Карта – географияның «әліп-биі», яғни географиялық зерттеулердің бастапқы және соңғы сәті; 2) Карта – көру-бақылау мүмкіндігі шетеулі адам мен зор өлшемді географиялық зерттеулердің нысаны – Жер шарының беткі деңгейі арасындағы қажетті «көпір»; 3) Карта – географиялық заңдылықтарды анықтау құралы; 4) Карта – географияның екінші «тілі»; 5) Карта – географиялылық талаптарының бірі;
Картографиялық әдістің ғылыми танымға ие болуы – картограф Салищев есімімен де тығыз байланысты. Әдіс теориясының идеясы мен қолданысқа енуінің негізін қалаған дәл осы Салищев болатын. Ол географиялық карталар іс құралы ретінде маманға қызмет ете отырып, құбылыстардың жаңа байланыстары мен таралу заңдылықтарын орнататындығын бірінші рет ерекше атап өті. Сонда «Нақтылықты зерттеу мен үйретудің картографиялық әдісі» деген ұғым ең алғаш рет қолданылған болатын. Осы сәттен бастап, қазіргі зерттеулердің картографиялық әдістерінің дамуының жаңа бір парағы басталды.
Салищев картографиялық әдістер туралы түсінікті дамытты, оған толық түрде анықтама берді. Оны «жаңа білім мен түсінік алуда, сипаттау, талдау, құбылыстарды тану және болжам жасау үшін, кеңістіктегі байланысты үйрету мақсатында карталарды пайдалану»,-деп сипаттады. Және ол осы мәселе, «Зерттеулердің картографиялық әдістері туралы» (1955), «Арнайы карталар көмегімен нақты сандық анықтамалар туралы» (1963), «Карта бойынша құбылыстарды зерттеудегі талдау әдістемелері» (1968) тәрізді еңбектерінде қайта айналып келіп отырды. Картаны таным мен тәжірибелік құрал ретінде қолдану жайы Гедыминаның еңбегінде де айтылды. Ол «картаға жай еңбек заты, өндіріс өнімі сияқты қарауға болмайды, оның еңбек нәтижесі екенін ұмытпау керек»,-деп, «Картамен жұмыс» немесе «Картаны пайдалану» аталатын картографияның тарауын бөліп қарауды ұсынды. [7]

Картаны пайдалану деңгейі

Алғашында зерттеушілер картаның негізгі артықшылықтары деп оның шолу жасау мүмкіндіктерін қарастырды, яғни карта «жай көзбен көруге болмайтын нәрсені, білімді реттеу мен жүйелеуді, кеңістіктегі заңдылықтарды ашуды ұсына алады»,- деп есептеді. Картаны пайдаланудың дәл осы деңгейіне А.Гумбольдттың, В. Докучаевтың, А.Тиллоның еңбектері жатады. Карта көмегімен айқындалған барлық ғаламдық және аймақтық заңдылықтар сапалық сипатқа ие болды. Картаны талдаудың негізгі әдісі – салыстырмалы географиялық әдіс болды, ал жетекші ұстаным – оқымыстылардың шығармашылық ынтасы еді. Картаны пайдаланудың жаңа деңгейі жаратылыстану ғылымына сандық әдістердің енгізілуімен байланысты. Салыстырмалы түрде, география, геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада басқа ғылымдардан арта қалды. Көш соңында қалудың себептері әртүрлі, бірақ ең қызығы, кейде картаның артықшылығы географияға математикалық формулалар мен көрсеткіштердің енуін баяулатты деген пікірлер де айтылды. Өткен ғасырдың 60-жылдары бұл артта қалушылық азайды, сол кездері сандық заңдылықтарды жүйелеу құралы ретінде картографиялық әдістің жаңа бір қыры ашылды. Бірінше кезекке картаның өлшемдік мәні шықты, математикалық статистика талдаудың негізгі тәсіліне айналды, 60-жылдардың орта тұсындағы картаны пайдаланудың келесі деңгейі алдыңғы деңгеймен тығз байланысты болды. Сол кездің өлшемі бойынша, карталар зерттеудің логикалық негізі ретінде беки түсті. Енді карталардың математикалық дәлдігімен қалпы көбірек тиімді бола бастады. [7]
Сандық әдістен математикалық модельдеуге көшу жүзеге асты. География ғылымдарын математикаландыру картографиялық зерттеу әдістерінің көмегі мен «көпір» қызметін атқаруы арқасында іске асырылды. Ең тиімді жол – математика мен картаны біріктіру болды, картадан алынған мәліметтер негізінде математикалық модельдеу құрылды. Осылайша карта-математикалық модельдеу-карта тізбегі пайда болды. Мұндай зерттеу амалы картографиялық-математикалық модельдеу деген атауға ие болды. Ықпалдастық үдерісінде математикалық әдіс пен картографиялық талдау басқа да көптеген идеялармен, көзқарастармен толықты. Ғылымды математикалау картаны пайдаланудың келесі деңгейіне өтуге даярлады, бұл даярлық зерттеу нысанына деген жүйелі құрылымдық көзқарастан көрінді. Картаны геожүйені үйрену құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырыла бастады, картографиялық өнімдердің жекелеген бөлімдерін ғана емес, бір-бірімен тығыз байланысты кешенді атластар мен тақырыптық карталардың үлкен топтамаларына назар аудару қажеттігі туындады. Карта жәрдемімен геожүйенің бөлек бөліктеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың байланыстарына, динамикасына, атқаратын қызметіне үйрету мүмкіндігін беретін әдістер керектігі туындады. [7]
Жүйедегі логикалық түсініктің заңды жалғасы болжамдық бағыт болды. Болжамдардың мазмұны мен затына әртүрлі көзқарастағы ғалым-зерттеушілер, болжамдық бағыттың мақсаты үшін картографиялық әдістерді қолдану мәселесіне келгенде, бәрі де бірауыздан оның тиімділігін мойындады. Картаны пайдаланудың деңгейінің дамуы мен келесі жаңа деңгейлік кезеңге өтуі бұрынғы жетістіктердің құндылығын жоймайды, сандық (картометриялық, статистикалық) және сапалық талдау, математикалық модельдеу мен жүйелі-кеңістіктік қамтудың, нәтижелердің дәлдігі мен қорытындысының жалпы талапқа сай болуының мәселелерін шешуде пайдаланылады. Картаны пайдалану әдістерін өңдеуде картографтар, геодезистер, геологтар мен геофизиктер, инденерлер мен математиктер қатысады.
Картографиялық зерттеу әдістері ғылымның әртүрлі салаларында қолданыс тапты. Олармен жаңа әдістемелермен, нақты ақпартпен, нағыз қажетті шешімдермен толықтыра отырып, өзіне де жаңа идеялар мен көзқарастарды қабылдайды. Картографиялық зерттеу әдістеріне шешуші әсер ететін – географиялық көзқарастың келесі ерекшеліктері көрінеді:картаның затын бейнелік-белгілік модельдеу мен нақтылықты тану құралы ретінде түсіну; карта көмегімен зерттеліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың мәніне терең бойлау, әрбір зерттеу нысанына жүйелі көзқарастың болуы; Картографиялық әдістің басқа да жекелеген әдістермен тығыз қарым-қатынасы, карталар мен картографиялық емес ақпаратты ұштастыру; картографиялық талдау нәтижесінде алынған нәтижелердің мазмұнды талқылануына тәжірибелік мәні мен сенімділігіне берілген бағасына ерекше назар аудару.
Қазір жалпы ғылымның математикаға бет бұруы, әсіресе, қашықтықтан зерделеу мен бажайлау, ғарыштық мүмкіндіктерді картография ғылымында кеңінен қолдану мүмкіндігі туған шақта дәлдік пен нақтылық атаулы карта үшін ең алғашқы талапқа айналды. 2006 жылдың 18 маусымы күні өзінің төл ғарыштық «ҚазСат-1» құрылғысын көк жүзіне ұшырған біздің еліміз үшін де енді ғарыштан жеткен суреттер сандық және әуеғарыштық түсірістерді зерттеу кезінде кеңінен қолданылады.

Картографияның салалары

Картографияның негізгі салаларына:
· Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
· Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
· Картографиялық деректерді тану (картографиялық деректер теориясының мәселелері);
· Карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
· Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі жатады.
Қазіргі ХХІ ғасырда, картографияда өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана пайда болған геоақпараттық картография аталатын саласы қарышты дамып келеді. Қазақстан да бұл үрдістен әлемдік тұрғыда қарағанда, көш ілгері мемлекеттермен иық тірестіре алмағанымен, өзіндік даму жолы айқындалып келеді. Геоақпарат – жер туралы басқа да ғылым салаларымен бірге, геожүйеде жүретін үдерістер мен құбылыстарды зерттейді, бірақ өзінің тәсілдері мен құралдарын қолданады. Олардың негізгілері – компьютерлік модельдеу мен геоақпараттық картографиялау. Картография мен геоинформатика бір-бірімен көптеген бағыттарда байланысты.

ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі

ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі ­– нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. [6]
Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады. [6]
ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.
ГАЖ – аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. Адам-бағдарлама-машиналық кешен.
ГАЖ – белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.
ГАЖ – аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу – overlay операциясы.
ГАЖ – аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады.
ГАЖ – кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.
ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету.
ГАЖ – аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік.
ГАЖ – ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы.
ГАЖ – кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.
Қорыта келгенде, ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, Дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді.
Кеңістіктік деректер – нысан немесе құбылыстың пішіні немесе орналасу жағдайын анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және векторлық деп бөледі. Растрлық деректерде – сандық, ғарыштық, әуе және жай суреттер, кез-келген оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады.
Атрибуттық деректер – географиялық нысан туралы қосымша дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибуттық деректер бұл картаға үлкен мағына мен арнайы ерекшелігін береді. Векторлық деректер моделі-графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады.
Кез-келген ГАЖ-дағы деректерді 5 үрдіс қамтамасыз етеді: енгізу, манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау. [6]

Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.
ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.
ArcMap-та картада 2 қосымшамен жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде – географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі.
ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды. ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.
Қазіргі таңда әлем бойынша, картографияның перспектвасы ретінде танылған сандық немeсе электрондық картография біздің еліміз үшін де жат емес. Мәселен, даму бағытының бірі – Ұлттық Атласты (ЭкоАтлас деген атауға ие) құрастыру барысында география институтының мамандары ArcGIS бағдарламасын қолданған, сол сияқты басқа да елімізде карта жасау ісімен айналысатын мекемелер осы бағдарламаларды қолданады.
ArcGIS-те жұмыс жасамас бұрын кеңістікте өз орнын тапқан, яғни байланған топонегізді ала отырып, оны сканерден өткізіп, ArcGIS прграммасына орнатамыз. Осыдан кейін негізгі – керекті қабаттарды құру, оларды сандық түрге келтіру, қабаттың ішінде маңызды мәліметтерді енгізу үшін атрибуттар кестесін ашу кезеңдері басталады.
Arccatalog-тағы vector папкасынан тышқанның оң жағын шертіп → жаңа (new) → қабат (shapefile) → терезе ашылады→ атау береміз → бейнелеудің қажетті түрін таңдаймыз (нүктелік, сызықтық, полигон) → координата жүйесін беру үшін Редакторлау (Editor)→Таңдау (Select) немесе Import→ Координата жүйесі проекциясы (Projected Coordinate System) → Пулково 1942 → керек зонаны таңдаймыз → ОК → ОК.
Осы Arccatalog-та ашылған қабатты ArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMap-тан "+" тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы бізге қажетті қабатты шақырамыз, яғни Add. Әрбір Shapefile 6 құрамдас форматтан тұрады. "Оларды Мой Компьютер" арқылы ашқанда көреміз. Қабаттармен жұмыс істегенде сандық түрге келтіре отырып, сол нысандарға талдау бере кетеміз, яғни Атрибуттар кестесін ашамыз.
Редактор → Жұмысты аяқтау → Керек қабатқа барып, панелін ашамыз да, "Атрибуттар кестесін ашуды" таңдаймыз→ нысандардың атын жазу үшін жаңа жол ашу керек, опции → жол қосу (добавить поле) → жол атын береміз. Оның түрін таңдаймыз:
1.Қысқа сандар (Short integer)
2.Ұзын сандар (Long integer)
3.Бөлшек сандар (Double)
4.Мәтіндік (text)
Shapefile – сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады. Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез-келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез-келген қабатпен жұмыс істегенде барлық нысандарды санатқа бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған аумақтағы барлық нысандар салынып болған соң, әрбір нысанды өз санаты бойынша категорияға бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінін, түсін, сызықтық нысан болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір нысан өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады. [6]
Карта бетіндегі нысандарды жазу технологиясы, мәтіндік баған құру, онымен жұмыс жасау жолдары. Географиялық нысандардың категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез-келген географиялық обьектілер белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі(атауы, морфометриясы, морфолгиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі, көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б. Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі нысандардың атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі.



Аннотация және оны құру жолы

Геометриялық әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес.
Аннотация дегеніміз – нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:
Нысандардың қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) → ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты нысандар(feature linked).
Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:
- карта масштабын көрсету керек;
- аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек.

Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу

Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі( Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1.Файл арқылы
2.Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.
1.Name командасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.
2.Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.
3.Orientation:1)Портрет (Portret)
2)Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:
Қою(Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу
Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)
Солтүстік бағдарды шақыру
Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)
Карта легендасын құрастыру
Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген нысандар мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:
1)Maplayers 2) Legend items → Далее → Аты → шрифт өлшемі → Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын.
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады. Карта өлшемін тексереміз.Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни оң жағын басып,
1. Бет пен баспа параметрі ( Page and print set up ) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
2.File → Print previe 3. File → Print → Number copies → OK
Жалпы географиялық және тақырыптық карталар – табиғат, шаруашылық, әлеуметтік орта, экожағдай туралы кеңістік ақпараттардың негізгі көзі. Жалпы картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді: геологиялық, топырақ, гидрографиялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б. Картографияның тағы бір ерекше бағыты – экологиялық картография. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды саралау, экожүйе мен адам денсаулығына әсер келтіретін табиғи орта факторларын қарастыру. Экологиялық картографияны кең көлемде табиғатты қорғауға бағытталған мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды жобалауда қолданылады.

Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы

1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды.
Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобының күшімен орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін мақсат етті. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық топ және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және картография саласының барлық құрылымдары да қайта қалыптасты.
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді.
Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар: “Астанатопография”, “Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”, “Ұлттық картография-геодезиялық қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, “Оңтүстікгеодезия”.
Қазақстан Республикасы топография-геодезия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі. Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді.
Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың және қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нормалары, геодезиялық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған және Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі нормалар және геодезия мен картография саласындағы халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған. [6]

Геологиялық картографиялау

Қазақстан картографиясының даму бағытының бірі – геологиялық картография. Қарт геолог Молдияр Серікбаевтың пікірінше, Қазақстанның геологиялық құрылысы, қазба байлығы, магмадан пайда болған шөгінді тау жыныстары бар. Жаратылыстану саласындағы барлық карта­лардың негізі – геологиялық карта. Оның не­гізінде қазба-байлық, тектоникалық, гидрогео­логиялық, инженерлік-геологиялық карта­ларды шығаруға болады. Біріншіден, Геология комитетінің алдағы жылғы жоспары­на гео­логиялық картаны енгізу керек. Шартты бел­гілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Яғни, халықтық дәрежеде геология­лық картаның дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға геология, топырақтану, содан кейін классикалық картография жатады. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей бағыттардағы пәндер керек: палеонтология, палеология, палеоботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геодинамика, космогеология.
Геологияның он түрлі саласы бар. Соның күрделі салаларының бірі – жердің қабатындағы жан-жануарларды зерттейтін палеонтологиялық мұралар. Одан кейін геоло­гиялық картографиялық, геологиялық ескерт­кіштер, стратиграфиялық, гербариялық, зооге­ографиялық мұралар. Осының бәрі “Мә­д­ени мұрада” қамтылмаған. Ботаника инс­титутында 500 мыңдай гербариялық мұра­лар құру ал­дында тұр. [8]
Геологиялық картографиялау тақырыптық картографиялаудың жақсы дамыған саласына жатады. Оның мақсаты – жер қабығының геологиялық құрылымын жан-жақты зерттеу, ондағы пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттарды барлау, геологиялық жағдайларды анықтау және геологиялық карталарды құрастыру. Қазіргі кездегі өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылық салаларында минералды шикізаттың сұранысқа ие болуы геологиялық зерттеулерді тереңдете түседі, яғни, минералды шикізаттар мен пайдалы қазбалардың жаңа түрлерін іздестіру жүргізіледі. Ол үшін пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттық орналасу заңдылықтарын анықтау бойынша болжау жасайтын геологиялық карталарды болуы шарт. [1]
Барлық геологиялық зерттеулердің негізінде геологиялық картаның құрастырылып және баспадан шығуы геологиялық түсіріс жұмыстарына жатады. Геологияық түсіріс – геологиялық карта жасау және жаңа кен орындарын ашу үшін дала жағдайында жүргізілетін геологиялық зерттеу жұмыстары. Жер бетінде жатқан тау жыныстары тікелей сипатталады, әр түрлі қазындылар арқылы олардың құрамы, тегі, жатысы, жынысы, пішіні анықталады, таралу шегі топографиялық картаға түсіріледі. Түрлі жыныстардың, минералдардың, жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары да жиналады. [1]
Ұсақ масштабты геологиялық түсірулер (1: 1 000 000, 1:500 000) түпкі жыныстар ең көп көрінетін жерлер арқылы өтетін маршруттар бойынша жасалады. Орта масштабты геологиялық түсірулер (1:200 000, 1:100 000) ТМД-ның барлық жерінде, әсіресе экономикалық маңызды аудандарында жүргізілетін геологиялық карта жасау ісінің басты түрі. Мұнда белгілі бір ауданның геологиялық құрылысы анықталып, бұрын ашылған пайдалы қазбаларға тиісті баға берумен қатар, келешекте олардың қандай түрлерінің ашылу мүмкіндігіне болжау жасалып, картаға түсірілетін жерде жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Борпылдақ шөгінділер астындағы түпкі жыныстар ды көру, олардың жапсарын, таралу шегін дұрыс анықтау үшін орлар, шурфтар (төрт бұрышты шұңқырлар) қазылады, скважиналар бұрғыланады, пайдалы қазбалардың барлық түрлері ізделеді. Ірі масштабты геологиялық түсіру (1:50 000, 1:25 000) тау-кен өнеркәсібі дамыған және алдыңғы зерттеулер нәтижесінде кен орындары ашылуы мүмкін аудандарда, ауыл шаруашылығына маңызы бар және жаңа құрылыстар салынатын жерлерде жүргізіледі. Кейін жасалатын дәлірек іздеу, барлау жұмыстары нәтижесінде жаңа кен орындары болуы ықтимал аймақтар анықталып, табылған пайдалы қазбалар алғашқы рет бағаланады. Сонымен қатар, пайдалы қазбалар іздеудің геофизикалық, геохимиялық тәсілдері қолданылады, геологиялық қималар, горизонт пландары, суреттер, модельдер, блок-диаграммалар жасалады. Аталған геологиялық түсірулерде геологиялық байқаудың деректерін әуе-ғарыштық суреттер арқылы алынған деректермен толықтыру әдісі кең қолданылады. [2]
Дәл геологиялық түсірулер (1:10 000 не одан да дәлірек) пайдалы қазба кен орындарында инженерлік-геологиялық іздеу, мелиорация, сумен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылатын жерлерде жүргізіледі. Жұмыс ерекшеліктеріне байланысты, геологиялық түсірудің маршруттық, алаңдық, аспаптық түрлері болады.
Маршруттық геологиялық түсірісте жұмыс алаңы тау жыныстары мен қатпарлы құрылымдардың созылымына көлденең бағытта жүргізіледі, байқау нүктелері мен геологиядық нысандардың бәрі топграфиялық карталар мен әуе-ғарыштық суреттерде белгіленеді. Қатар екі маршрут арасындағы жердің геологиялық құрылысын екеуіне бірдей етіп және әуе-ғарыштық суреттің деректерін ескере отырып, анықталады.
Алаңдық геологиялық түсірісте байқау нүктелері түсірілетін бүкіл жер аумағына біркелкі орналастырылады. Олардың жиілігі түсіру масштабына, аймақтың геологиялық құрылысына, түпкі жыныстардың көрінуіне, геологиялық нысандар бейнесінің әуе-ғарыштық суреттердегі анықтылығына байланысты. Маршруттар геологиялық құрылымдарды бойлай не көлденең өтеді. Аспаптық геологиялық түсіруде барлық геологиялық нысандар картаға геодезиялық аспаптармен түсіріледі. Түсіруден бұрын картасы жасалатын жерде зерттеуші барлық геологиялық нысандарды (шөгінді жыныстардың өзара және интурзив жыныстарымен жапсары, тірек горизонттары мен кен қабаттарының созылымы мен қалыңдығы, шурф, ор, скважиналардың орны, жарылымдар, т.б.) мұқият қарап реперлер қағады, қарта осы бойынша жасалады. Тектоникалық бет, платформаның кристалдық іргетасы мен көне үгілу қыртысының тереңдіктері, т.б. сияқты жер қыртысының өте қалың қабаттарның геологиялық картасын жасау үшін жүргізілетін геологиялық түсірулерде де геофизикалық, геохимиялық тәсілдер қолданылады, терең скважиналар бұрғыланады, геоморфологиялық талдау жасалады.
Ал қазіргі геологиялық түсірулер жаңа күрделі техникалық құралдардың және қашықтықтан түсіру әдістері көмегімен жүргізіледі. Геологиялық түсірулермен қатар, төрттік шөгінділерді зерттеу, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстары, тау жыныстарын, тектоникасын, жер қабатының дамуына әсер ететін барлық нысандар мен құбылыстар зерттеледі. [2]
Сонымен, геологиялық карталар геологиялық зерттеулер жүргізу, геологиялық түсірулер және далалық жұмыстар арқылы құрастырылады. Жалпы геологиялық карталардың жердің жасын, жер бедерін, құрылысын жетік меңгеруге тигізетін септігі көп. Геология ­– жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі негізгілерінің бірі. Ол жердегі тіршілік атаулының пайда болу және даму тарихын зертейтіндіктен, геологиялық карталардың да маңызы өте зор.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу – жер қойнауының жай-күйі мониторингімен, жер қойнауы үлескілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөліктері мен жалпы барлық аумағының геологиялық құрылысын зерттеумен, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы оларда пайдалы қазбалардың болу мүмкіндігін анықтаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталарды жасаумен байланысты жұмыстар.
Барлауға, өндіруге, қоса барлауға және өндіруге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші тиісті геологиялық немесе кен бөлумен белгіленген жер қойнауы учаскесі шегінде ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде тиісті операциялар жүргізуге құқылы.
Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші кен бөлумен белгіленген жер қойнауы учаскесі шегінде барлау жөнінде операциялар жүргізуге құқылы. Қор өсімі болған жағдайда және олар мемлекеттік сараптамамен расталғанда келісім-шартқа тараптардың жазбаша келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс.
Геологиялық бөлу – келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін сызба және сипаттама түрінде белгілейтін, барлауға арналған келісім-шартқа қосымша. Геологиялық бөлуді конкурс жеңімпазы немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда көзделген жағдайларда конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығы ұсынылған тұлға өтініш жасаған күннен бастап жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жиырма күн ішінде береді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда көзделген жағдайларда конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығы ұсынылған тұлға өтініш жасаған күннен бастап жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жиырма күн ішінде береді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуді, кен іздеу, іздеу-бағалау, іздеу-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді, өздігінен ағатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғыларын жою және тоқтатуды қамтуы мүмкін. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көзден қаржыландырылуы мүмкін. [6]
Тұңғыш Ұлттық Атлас

Қазақстан картографиясындағы келесі бағыт – Тәуелсіз Қазақ Елінің тұңғыш Ұлттық Атласы. Қоршаған ортаны қорғау министрілігінің бастамасымен аталған ауқымды жобаны «Экологиялық Атлас» атауымен География институты әзірледі. Көп еңбекті қажет ететін мұндай карталардың тобы соңғы рет елімізде осыдан ширек ғасыр бұрын, 1982-83 жылдары шығарылған. Әлемде мемлекеттің бейресми символы ретінде танылатын Атластың құрастырылуында «ұзақ жылдардан бері жинақтаған тәжірибеміздің көмегі көп»,-дейді институт директоры, география ғылымының докторы, профессор Ахметқал Медеу.
Институт тарихы Қазақ КСР Ғылым Академиясының География секторы болып құрылған 1939 жылдан басталады. Ал 1983 жылы бұл сектор институт мәртебесіне ие болды. Институт өзінің 67 жылдық тарихында осы саладағы республиканың жетекші ғылыми-зерттеу орталығына айнала алды. Осы ұжымға тапсырылған мемлекеттік маңызға ие Ұлттық Атлас ІІІ томға жинақталған, онда 300-ден астам карталар топтастырылмақ. Бұл толайым еңбектің әрбір томына 100-ден аса авторлардың еңбектері сіңген.
Бұл ретте карталардың әлемдегі ең соңғы үлгідегі ArcGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында жасалды.. Жаңа Атлас жасалу тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Авторлар тобы карталарды қазіргі геоақпараттық технологияларды қолдана отырып жасауда. Мұның өзі карта сапасының жақсы болуына және геоақпараттық жүйені қалыптастыру міндетін шешуге елеулі әсерін тигізеді. Тәуелсіз елдің төл Атласын дайындауға География институының ұжымы, сондай-ақ, басқа да ғылыми орталықтардан арнайы шақырылған ғалым-мамандар атсалысып жатыр. Бұл ретте мемлекеттің ғылымға көңіл бөлуі, жас мамандардың да ғылыммен айналысуына ықпал етіп отыр.
Бұл міндеттерді орындау жолында Ұлттық Атластың жарық көруі қазақ картографиясының зор жетістігі ретінде тарих бетінде қалары анық.
Өткен жылы Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достас­тығы геодезистері мен картографтарының үшін­ші конгресі болып өтті. Оған Ресей, Ук­раи­на, Белорусь, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Тә­жікстан, Әзірбайжан, Грузия, Ар­мения және басқа елдерден осы қызмет сала­ла­рының басшылары мен мамандары қатысты. Жалпы геодезия мен картография қыз­меті­нің жерге, елдің аумағы мен өңірлеріне дәл­ме-дәл өлшемдер жасап карта сызуға, жерге орналастыру мен кадастр жүргізу ісіне үлкен көмек жа­сай­тыны белгілі. Қысқасы, барлық тіршіліктің негізгі өзегі болып табы­латын жер атты үлкен байлықты бұл қызмет­тер­дің қаты­суынсыз толыққанды және дұрыс игеру мүмкін емес. [6]
Сондықтан елімізде на­рық қатынастары орнығып, жеке меншік бел алғаннан бері бұл қызметтің қадірі барған сай­ын арта түсуде. Мұны конгреске қа­ты­су­шы­лардың қай-қайсысы болмасын атап көрсетті. Ресейдің Геодезия және картография жөніндегі фе­деральдық агенттігінің төрағасы Александр Бородка агенттіктің жүргізіп жатқан жұмыс­тарына тоқталды. Осы қызмет сала­сында жаңа технологияларды пайдалану мейлінше қарқын алғандығын айта келе, осының нәтижесінде әртүрлі қызметтер үшін өте дәлме-дәлдікпен сандық карталар шығарылғандығын айтып берді.
Екі мәрте батыр атағына ие болған Ресейдің ғарышкер ұшқышы, Мәскеу гео­дезия және картография университетінің ректоры Виктор Савиных соңғы он бес жылда геодезия және топографиялық өлшеу технологияларының мүлдем өзгер­гендігін, қашықтықтан зерделеу мәселе­сінің басым сипатқа ие болғандығын айта келе заманның жаңа талабына сәйкес кадр даярлау мәселесіне тоқталды. [6]
Геодезия және картография секілді өзіндік ерекшелігі мол салада біздің Қазақстанымыздың шоқтығы көп елден биік тұр деуге болады. Бізде кадастр жүр­гізу, ақпарат алмасу жұмыстары қағаздан электрондық түрге көшірілген. Ғарыштық түсірілімдер арқылы әртүрлі мақсат­тағы карталар әзірленген. Алматы қа­ласынан республикалық картографиялық фабрика салынып, оның су жаңа өнімдері конгрес­ке қатысушыларға ұсынылды. Енді осының үстіне таяудағы жылдары қашықтықтан зерделеу мәселесіне арналып жер серігі ұшырылатыны мәлім болып отыр. [6]

Картография – пән ретінде

Қазақстан картографиясының маңызды бағыты – картографияны пән ретінде дамыту. Бұл ретте мәселен, жеке өзім осы пәннің әдістемелік құралын дайындау ісін қолға алдым. Берлянт пен Салищев еңбектеріне сүйене отырып, пәннің қысқаша курстық дәріс тізбесі жасалды. [5]
Пән мазмұны
№1 тақырып. Карта және картография. Карталардың жіктелуі.
1. Карта ұғымы.
2. Карталардың жіктелуі. Картография – карта құрастыру мен қолдану туралы ілім.
3. Картография құрылымы. Картографияның география және басқа да Жер мен қоғам ғылымдарымен байланысы.

№2 тақырып. Картографиялық проекциялар.
1. Картаның математикалық негізі. Картадағы бұрмалану түрлері.
2. Картографиялық проекциялау туралы түсінік. Картографиялық проекциялардың жіктелуі.

№3 тақырып. Картада бейнелеу, атауларды ұсыну тәсілдері. Картографиялық жалпылау (генерализация).
1. Шартты белгілер және олардың қызметі.
2. Ұсақ масштабты карталарда құбылыстарды бейнелеу тәсілдері.
3. Картадағы жазулар. Жалпылаудың мәні мен факторлары. Жалпылаудың географиялық ұстанымы.

№4 тақырып. Карта мен атлас түрлері.
1. Талдамалық, (аналитикалық), біріккен (синтетикалық) және кешенді карталар. Оларды құрастырудың тәсілдері мен мазмұндық ерекшеліктері.
2. Атлас түрлері, олардың тақырыптық, аумақтық, атаулық жіктелуі. Атластар – геожүйенің моделі ретінде.

№5 тақырып. Картаны жобалау мен құрастыру. Картографиядағы автоматтандыру.
1. Карта құрастыру кезеңдері. Жалпы географиялық және тақырыптық карталарды жобалау, құрастыру мен түзетудің (өңдеудің) ерекшеліктері.
2. Жер ресурстары карталарын жобалау мен құрастырудың ерекшеліктері.
3. Карта құрастырудың әуеғарыштық әдісі.
4. Карта құрастырудың компьютерлік технологиясы.

№6 тақырып. Карта пайдалану әдістері.
1. Зерттеудің картографиялық әдісі және оның дамуының негізгі кезеңдері. Карта пайдалану тәсілдерінің жүйесі.
2. Картамен жұмыс әдістері. Жер ресурстары картасын пайдалану.

№7 тақырып. Картография мен географиядағы ГАЖ және телекоммуникация. Геобейнелеу мен геоиконика.
1. ГАЖ туралы түсінік. Геоақпараттық картографиялау. Телекоммуникациялық желілер.
2. Ғаламторда картографиялау. Геобейнелер түрлері мен оларды жіктеу. Геоиконика – геобейнелеудің бірегей теориясы. Электрондық-сандық картографияның даму үрдісі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мамандар жасаған ғылыми болжам әлемде жер көлемі жөнінен 9-орын алатын, 2,7 миллион шаршы шақырым аумақты қамтып жатқан мемлекеттің картографиясын дамытуға жыл сайын 1 миллиард теңгедей қаржы бөліну керектігін дәлелдеп берді.
Дамыған АҚШ, Канада секілді елдер өздерінің картографиялық қызметіне ерекше мән беріп, әр бес жыл сайын жаңа ақпараттармен толықтырып, барлық деңгейдегі карталарын жаңартып отырады.
ҚР «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге қажеті – осы заңға негізделген «Ұлттық картографияны дамыту» тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешудің бірден-бір жолы – картография факультетінің ашылуы. Бұл өз кезегінде сапалы, Ұлттық картаны құрастыра алатындай, картографтар даярлауға негіз болады. Қазіргі таңда Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте тұжырымдамада Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор жанынан Ғарыштық қор құру мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл тарапта әлемде санаулы ғарыш айлақтарының бірін иемденіп, өз «ҚазСат» ғарыштық жер серігін аспан көгіне ұшырған Қазақстанның Ғарыштық қорын құру мәселесі туындайды. Бұл қордың негізгі қызметі – ғарыштан түсірілген суреттер мен ақпараттар арқылы Жер бетінде болып жатқан геологиялық, тектоникалық, географиялық өзгерістерге баға беріп, талдап-сараптап отыру және жаңа деңгейде жасалатын карталардың бетіне тың мәліметтерді енгізу. Осы арқылы отандық карта өнімдерінің сапасы мен саны артып, бәсекеге қабілеті де өсе түспек.
Курстық жұмыста Қазақстан картографиясының перспективасы мен даму бағыттары толық қамтылмады, оның бірнеше себептері бар. Алайда, бұл осы бағыттағы жұмыстардың алғашқысы болғандықтан, алда да жалғасын табады деген ойдамын. Ең басты атап өтетін бағыттар ретінде ғарыштық мүмкіндіктерді пайдалану, Ұлттық Атлас бағытындағы жұмыс, сандық картографияның дамуы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н.СЕЙІТОВ., «ГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ», Алматы, 2000
2. И.П. ЗАРУЦКАЯ., Н.В. КРАСИЛЬНИКОВА «ПРОЕКТИРОВАНИЕ И СОСТАВЛЕНИЕ КАРТ»
3. И.П. ЗАРУЦКАЯ., Т.Г. СВАТКОВА «ПРОЕКТИРОВАНИЕ И СОСТАВЛЕНИЕ КАРТ»
4. ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ, ІІІ-ТОМ, 212-215 б.б.
5. А.БЕРЛЯНТ., «Картографический метод исследования», Мәскеу, 2001
6. ҒАЛАМТОР АҚПАРАТТАРЫ
7. К. САЛИЩЕВ., «Картоведение», М,1998
8. «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН», 2007, сәуір

7 комментариев:

Анонимный комментирует...

We knowledgeable several intricacies using this web site,
I'd in order to replenish the web site numerous times just before it in order to weight accurately. I became thinking but if your website hosting is fine for some? Not too I'm moaning, nevertheless
gradual launching circumstances occasions will probably sometimes impact
your own location online and may hurt ones superior
scores if advertising and marketing having google. At any rate I’m putting that Rss
or atom to help our e-mail and may watch out for the rest of
your individual exciting subject material.
Also visit my web-site - Criminal Background

Анонимный комментирует...

Hi, lengthy ago i enrolled on a mailing list about a number of affiliate
marketing website and after this I personally retain
acquiring lots of email messages at my mail that this virtually damaged this kind of email address contact information.
As well as unsubscbribe link can not work often.
Is it possible to for a blogger advocate everyone how to handle it, since I might enjoy to help keep this kind of current email
address.
Also see my page: How To Get Rid Of Genital Warts

Анонимный комментирует...

Hi to all, hοw iѕ the whοlе thing, I
think eѵery onе іs getting moгe from thiѕ web page,
and your vіewѕ are niсe in support οf new vіsitoгs.


Feel free to visit my ωеbsіte ... houston garden centers locations phone number

Анонимный комментирует...

Your oωn article fеatureѕ confіrmed benеficial tο me.
It’s very еducаtionаl and уou
rеаlly аrе certaіnly геally well-infοrmeԁ іn
this regіon. You havе got oρened uρ mу oωn eyеs in order to varуing thoughtѕ
аbоut thiѕ topіс along with intгiguіng,
nοtablе and solіd cοntеnt.
Also visit my website buy Cialis

Анонимный комментирует...

Your сurгent reрort featureѕ established
useful tο mуself. It’s еxtremely informative аnd yоu're simply obviously quite experienced in this area. You have got popped my sight to numerous views on this specific matter with interesting and sound articles.
Review my page : 5point.info

Анонимный комментирует...

Yοur οwn repoгt features establіshеd
helpful tο me. Ιt’s veгy hеlpful
anԁ уοu really arе clearly verу knowleԁgeable in this гegion.
You havе pоppeԁ оuг sight
fοr уou to diffегent oріnion
of this specific matter uѕing intгiguing, notаble and sound articlеs.
Also visit my web-site :: buy viagra online

Анонимный комментирует...

[Shurangama Sutra]
[The Diamond Sutra]
[The Heart Sutra]

~oṃ maṇi padme hūṃ~

/Six samsara /
/Cause and effect/
/Engages in introspection sees the nature/
/Do not beg abhiññā/

Ksitigarbha
Maitreya
Akșayamati
Samantabhadra
Mañjuśrī

Avalokiteśvara
Mahāsthāmaprāpta
Amitābha

"Bhaiṣajyaguru
The Twelve Vows of the Medicine Buddha upon attaining Enlightenment, according to the Medicine Buddha Sutra are:
To illuminate countless realms with his radiance, enabling anyone to become a Buddha just like him.
To awaken the minds of sentient beings through his light of lapis lazuli.
To provide the sentient beings with whatever material needs they require.
To correct heretical views and inspire beings toward the path of the Bodhisattva.
To help beings follow the Moral Precepts, even if they failed before.
To heal beings born with deformities, illness or other physical sufferings.
To help relieve the destitute and the sick.
To help women who wish to be reborn as men achieve their desired rebirth.
To help heal mental afflictions and delusions.
To help the oppressed be free from suffering.
To relieve those who suffer from terrible hunger and thirst.
To help clothe those who are destitute and suffering from cold and mosquitoes."