02.07.2008

050711 КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОДЕЗИЯ

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі сөз болғанда, тасада қалатын бір сала бар. Ол – картография. Антикалық дәуірде пайда болған деп болжанатын бұл сала алғашында тастар мен ағаштарға белгі ретінде қашалып, жергілікті жерде бағдар анықтап, қауіп-қатер мен азығы мол орынды белгілеу үшін қолданылса, бүгінгі ХХІ ғасырда оның сипаты мүлдем өзге.
Қазіргі картография карта туралы ілім ғана емес, сол картаны әзірлеуге дайындықтан бастап, қолдану аясы мен бағытталу тармақтарын анықтауға дейінгі алып кешеннің ғылыми бағыттаушысы.
Жаңа ғылыми-ақпараттық һәм техникалық өріс картаның ұсынылу формасына да өзгеріс әкелді: қазір компьютерлік арнайы бағдарламаларда жасалатын сандық карталардың, үш өлшемді карталардың дәурені жүріп тұр. Бұған адамзаттың өткен ғасырда ғарыш әлеміне жасаған қадамдары арқылы мүмкін болған жылдам, уақыттық жағынан дәл осы сәтке сай келетін әуеғарыштық суреттер мен түсірістерді бажайлау (дешифрлеу) арқылы құрастырылатын карталарды қосыңыз.
Бұл үрдістердің алғашқы қарлығаштары елімізде басым болмаса да, байқалып қалады. Әйтпесе, мәселен, жер аумағы алып АҚШ, Канада мемлекеттері әр бес жыл сайын өздерінің бүкіл картографиялық қорларын бір өңдеуден өткізіп, өзгерістер мен толықтыруларды жинақтап отырса, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Ұлттық Атлас өткен жылы жарық көрген. 350-ге жуық алуан тақырыпты карталар топтастырылған үш томдық еңбекке дейін мұндай жинақ одан ширек ғасыр бұрын жарық көрген.
Жалпы осы саланың негізгі қозғаушы күші – мамандар. Бұл салада кәсіби мамандарды әзірлеу «геодезия және картография» деп аталатын мамандық жіктемесі бойынша жүргізіледі. Мемлекет грант негізінде жүзге жуық мамандарға жоғарғы оқу орындарында оқу мүмкіндігін беріп отыр. Еліміз бойынша, осындай салада оқытатын оқу орындарының саны – бесеу.
Соның бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Осы оқу ордасының география факультетінде бірнеше мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі. 050711 шифрлы – «Геодезия және картография» мамандығы бойынша да дәріс беріледі. Дәл осы шифрлы мамандық бойынша осы жылы алғашқы түлектердің шығатындығын атап өту керек. Осыған дейін бұл мамандық тек «Картография» деп аталатын.
Ал картография және геодезия мамандығы бойынша оқу орнын бітірген жас қандай салада қызмет жасай алады?
Геодезистер – жер өлшеу, құбыр, жол салу, ғимарат тұрғызуды талап ететін барлық салаларда: мұнай-газ, өнеркәсіп, көлік жолында (оның ішінде, темір жол, автомобиль жолы) қызмет жасау мүмкіндігі бар. Ал картограф ретінде ғылыми-өндірістік мекемелерде, ғарыштық қызметпен қатысты мекемелерде, картографиялық фабрикалар мен өндірістерде еңбек ете алады.
Бұған жоғарғы оқу орындарында, арнаулы орта оқу ордаларында оқытушы қызметін атқара алады.

2 комментария:

Daure6 комментирует...

Құрметті, Блогшы! Мен Азаттық Радиосы Интернет басылымының бұқарамен байланыс менеджерімін. Есімім Даурен, Контентмастер Блогыма кірген боларсыз. Азаттык Радиосынын активті маркетингтік жумыстарымен мен айналысудамын, сондыктан сізден сурарым біздің сілтемені
http://www.azattyq.org өз блогыныздын тізіміне косып койсаныз!

Анонимно комментирует...

Отличная тема газифицировать весь транспорт. Сделать [url=http://gaz50.ru]автономную газификацию[/url] доступную для всех. Так же перейти на электро мобили и сократить выбросы вредных вешеств в атмосферу а то аномальная жара это только начало,