18.10.2007

Әр тұрғынға 153 көлік

Соңғы 5 жылда Қазақстандағы автокөліктердің саны екі есеге дейін ұлғайып, 2 миллион 400 мыңға жуықтаған. Бұл елдегі әрбір мың тұрғынға шаққанда 153 көліктен келеді деген сөз. Ал ең ірі «миллионер» қала Алматыда әрбір үш тұрғынға бір көліктен тиеді екен. Көліктің көбеюімен бірге, жол-көлік оқиғаларының да саны артқан. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 5 жылда жол-көлік оқиғаларынан 16 000 адам қайтыс болған. Осы мәлімет біздің жолдарымыздағы көлік қозғалысы қаншалықты қауіп тудыратынын көрсетсе керек. Бұған көлік санының күрт артуы, қосымша жолдардың аз салынуы және көлік жүргізу куәліктерінің сатылуы себеп болса керек.
Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті ІІІ отырысында көлікті мас күйінде жүргізушілерге қатаң жаза қолдану қажеттігі айтылды. Мәселен, бірінші рет ішімдік ішіп ұсталса - 2 жыл, келесіде - 5 жыл, соңғысында - мәңгілік жүргізу құқығынан айыру. Себебі, осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, мас күйінде көлік жүргізгендердің салдарынан 395 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 102 адам қайтыс болыпты.

Сондай-ақ, еліміз бойынша 6500 жол полициясы қызметкері бар екен, жолдағы қозғалысты реттеу үшін, бұл көрсеткішті 2000 қызметкерге арттыру қажет екен.

2 комментария:

Асхат Еркімбай комментирует...

Жақсы пост, Рахат!
Өкінішке қарай көлік апатынан қайтыс болып жатқандардың дені өрімдей жастар. Күні кеше көлік апатынан төрт бала тірідей өртеніп кетті. Біреуі ғана аман қалды. Осындайды көріп естігенде, денең түршігеді. Қайда асығамыз? Кімді қуып жеткіміз келеді? Дүниені ме? Адамдардың санасы өзгермейінше қанша жерден жүргізуші көлігін алуды қиындатып, жол ережесі үшін жазаны қатаңдатқанымен жағдай түзелмейтін сияқты. Мүмкін метро іске қосылып, айналма жолдар толықтай іске қосылса, ептеген өзгерістер болар... Үміттімін.

Бақытнұр комментирует...

Qazaqstanda kolik apaty, jol apaty kop ekeni shyn!