28.06.2007

ҚазШах – ХХІ ғасыр ойыны

Шахмат ойынының қай дәуірде пайда болғанына байланысты зерттеушілер көптеген жорамалдар айтады. Бір деректер бойынша, бұл ойын ең алғаш біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдары Көне Үнді жерінде пайда болған. Алайда, шахмат ойыны жазба әдебиеттерде тек біздің заманымыздың 570 жылдары ғана көрініс табады. Сондықтан да, ғалым-зерттеушілер дәл осы мерзімді шахмат дүниеге келген уақыт ретінде қарастырады. Шахмат пайда болғаннан-ақ мәртебелі ойындардың санатынан табылды және ол көптеген хан-патшалардың сүйікті ермегіне айналды. Шахмат ойыншының ақыл көкжиегін кеңейтіп қана қоймады, оның мінез-құлқы мен психологиясының қалыптасуына да әсер етті.

Арада он ғасырдан аса уақыт өткенде, шахматтың осы кезге дейін қалыптасқан классикалық жүйесіне қазақтың қарапайым өнертапқыш азаматы Азат Нұрдәулетұлы үлкен өзгеріс алып келді. «ҚазШах» атауын иеленген шахматтың жаңа түрін төрт адам бір мезетте ойнай алады. «Бұл жаңалықпен қазақты әлемге паш етуге болады» дейді, «Қазақ шахматының» авторы, суретші-дизайнер Азат Нұрдәулетұлы.

Әлемде баламасы жоқ «Қазақ шахматының» классикалық шахматтан бірнеше ерекшеліктері бар. «ҚазШах» әдеттегі 64 емес, қазақтың кең пейіліне сай 128 торлы тақтада жүреді. Пешкі солға және оңға, сондай-ақ, кері бағытта да қозғала алады. Бұл «кезіндегі сақтардың кері шегіне отырып, қарсыласына шабуыл жасау әдісінің ойын тақтасына көшуі» дейді ойын авторы. Ал басқа фигуралар мен олардың жүріс ретінде еш өзгеріс жоқ. Жүрістің кезегі сағат тілі бағытымен айналады. Төрт кісілік шахматты екі-екіден жұптасып, немесе жеке-дара да ойнауға болады. Бұл сіздің бір емес, үш қарсыласты жеңуіңіз керек деген сөз. Мұның өзі ойында сіздің көбірек ойланып, интеллектуалдық кемелденуіңізге жол ашары анық.
Азат Байсеркеев «ҚазШах»-тан басқа, ондаған өнертапқыштық жаңалықтардың да авторы. Мамандығы бойынша, суретші Азат Нұрдәулетұлының балаларға арналған құрастырмалы «Киіз үй», «Жалғыз көзді бағдаршам», «Тіс пастасымен біріктірілген щетка», «Сейсмо-тұрақты кірпіш» тәрізді бірнеше жобалары бар. Кірпіштің құрылымы жер сілкінісіне төтеп бере алатындай технологиямен жасалған. Еліміздің құрылыс саласының мамандары тарапынан жылы бағасын алған кірпішке алғашқы сұраныстар да келіп түскен. Енді өнертапқыштың осы кірпішті өндіріске енгізу ойы бар. Десе де, әлемдік деңгейдегі «ҚазШахтың» жөні бәрінен де ерекше»,-дейді Азат Нұрдәулетұлы.
Қазақстанның ХХІ ғасыр ойыны «ҚазШах» арқылы әлемге танылар күні де алыс емес. Бұл жолда азаматтық ынтасы мен ықыласын осы ойынның көсегесін көгертуге арнап жүрген Азат Нұрдәулетұлының бастамасы мемлекеттік деңгейде қолдауға тұрарлық іс.

2 комментария:

Анонимный комментирует...

Вы хотели бы иметь собственный домашний бизнес и управлять им сидя дома за своим любимым компьютером в домашних тапочках?
[url=http://klikads.ru/?i=15815]Деньги здесь[/url]

Анонимный комментирует...

Для продвижния вашего сайта есть хорошая база каталогов ссылок.А так же: Бесплатные on-line генераторы java скриптов, логотипов, pop-up окон (попапов) и других разных полезностей для web-дизайнера. С помощью этого сервиса можно легко создать красивый 3D логотип, зеркальный логотип, всплывающия объявления, стильное меню, мини-сайты, превратить рисунок в водяной знак и т.п. Если вы уже знакомы всякого рода сборниками генераторов скриптов типа "Командос" или другими, то вы наверняка поймёте что наш сборник является самым полным из всех существующих. Причём мы предлагаем разместить их в on-line. [url=http://www.ffrees.ru]Смотрим здесь[/url]