07.08.2007

Тікелей желіде - Құрмаш


Өз блогымды бір адамның дербес күнделігі ғана емес, үлкен ақпарат, жаңалық айдынына айналдыру мақсатында, қазіргі ақпараттық жүйенің интерактивтілік аталатын мүмкіндігін қолдану үшін Qazaqia қонағы деген айдар аштым.
Сонымен, алғашқы қонақ – әнші Құрмаш Махан.


ДЕРЕКНАМА
Құрмаш Махан 1972 жылы 27 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Өрнек» ауылында дүниеге келген. Сол ауылдың он жылдық орта мектебін бітірген соң, 1989 жылы Жамбыл мәдениет колледжіне, «актер» бөліміне оқуға түсіп, 1993 жылы аяқтайды.
2003 жылы Жамбыл политехникалық колледжін бітірген.
Қазір Тараз педагогикалық институтының «ән» факультетінің соңғы курс студенті.
«Жас қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» байқауларына қатысқан.

Өзіңізді ән өнерінен басқа салада сынап көрдіңіз бе?
– 1996 жылы Жамбыл техникалық институтының «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2-курстан кейін тастап кеттім. Жалпы менің осы ән өнерінен басқа салаға қызығушылығым жоқ екенін түсіндім де, өнер жолына түстім. Ес білгеннен ән айтатынмын, әкем, бауырларым өнерге жақын болатын.
Біздің блогқа сауал тастаған бір оқырманның сұрағы «көрінбей кеттіңіз, қайда жүрсіз» болыпты. Жалпы еңбек жолыңыз туралы бірер сөз...
– Қазір «Хабар» Агенттігінде музыкалық редактор болып қызмет жасаймын. Алғаш ресми еңбек жолымды институтта әдіскер болудан бастағам. 1997 жылы Алматыға келген соң, 2001 жылға дейін «Қазақконцертте» жұмыс жасадым. Кейін ҚР Қорғаныс Министрлігінің орталық оркестрінде еңбек еттім.
Өмірдегі ең басты мақсатыңыз.
– Алланың сүйікті құлы болу. Осы сөздің аясына патриот болу да, өз ісіңнің шебері болу да, барлығы еніп кетеді.
Эльвира есімді оқырман «Иман жолына қалай келдіңіз? Кім себеп болды?» деген сауал жолдаған екен.
– Өмір сабақтары иман жолына әкелді. 1995-96 жылдары алғаш сәждеге бас қойдым, мұны жарнамалаудың қажеті жоқ, әрине. Себебі құлшылық әрбір адамның жеке өмірі. Бірінші Алла, сосын бауырларым. Ізденген адамға себеп көп.
Шығармашылығыңызда не жаңалық? Қазір қандай ән дайындап жүрсіз?
– Мысырлық Сами Юсуфтың орындауындағы «Мұғалім» әнін қазақшаға аударып, өңдеуін жасап жатырмыз. Бірақ ән түпнұсқасындағы қалпында қалады.
Ән аудармасын жасау үшін рұқсат алдыңыз ба?
– Рұқсат алу үшін, Сами Юсуфтың сайтына хат жолдағанбыз, жауап ала алмадық.
Бұл авторлық құқықты пайдалану емес пе?
– Алла разылығы үшін жазылған ән болған соң, қарсылық болмас деп ойлаймыз.
Сайлауға қатысасыз ба?
– Міндетті түрде. Азамат ретінде тілегім, өзімнің ойым біздің көп сайлаушылар өзінің саяси мәдениетін қалыптастырып, толықтырса нұр үстіне нұр болар еді.

PS: Мен Qazaqia блогы оқырмандары белсенді болып, кемі он шақты сауал түсер деп ойлағам. Ойым орындалмады. Қалай болса да, бұл қазақ ғаламторы...

6 комментариев:

Unknown комментирует...

-.-

Асхат Еркімбай комментирует...

Рахат!
Жақсы бастама бастағансың. Сұхбатың әдемі шығыпты. "Көп адам сұрақ қоймады" деп қынжылудың қажеті жоқ. Есесіне қаншама адам оқыды. Блогшылардың аз жазып, көп оқып жүргендігіне қуану керек шығар :) Бәрі бірден жақсы болып кетпейді ғой. Сондықтан осы айдарыңды жалғастыра беруіңе тілектеспін.

Эльвира комментирует...

Бұл авторлық құқықты пайдалану емес пе?
– Алла разылығы үшін жазылған ән болған соң, қарсылық болмас деп ойлаймыз.

****

Jaksi surak surapsin. Menin oyimsha oilagandari duris emes. Avtorlik kukik manizdi!

Анонимный комментирует...

Әуелі осы сайтты пайдалануға мүмкіндік жасаған адамдарға рахмет! Ал Құрмаш Махановқа біраз сұрағым бар еді. Электронды пошта арқылы хабарлассам бола ма? Менің поштам sport-a@mail.ru.
Алдағы күндері өзге де әншілермен сұхбаттасу мүмкіндігін жасасаңыздар екен. Алдын ала рахмет!
Мұрат.

Анонимный комментирует...

Почитаемый пользователь интернет читающий сей коротенький очерк.
Корпорация Мегаполиса Pi7.ru порадовала новым выходом очередного сборника нюансов.
Меня удивила примем это "[url=http://www.pi7.ru/zhenskij-razdel/33874-vecherinka-na-den-svyatogo-patrika-14-foto.html ]Индийские трансcексуалы стали «третьим» полом [/url]" - Канечно вы можете встретить и ради себя ворох интерестного
Ну а однако лучшее противоядие от скуки это анекдотец.
[IMG]http://www.my.pi7.ru/images/users/photos/medium/33d6c522719a1bd152b4f852335bbf3d.jpg[/IMG]
[b]Вовочка приходит в аптеку:
- Дайте мне упаковку презервативов!
- Во-первых, это не для детей, - отвечает аптекарь, - а во-вторых,
пусть придет папа и возьмет нужный размер.
- Во-первых, это не для детей, а от детей, а во-вторых, это не для
папы, а мама едет на курорт, и какие там размеры будут, она еще
не знает... [/b]

Анонимный комментирует...

[b]Разговаривают три литератора. У каждого - на глазах слезы.
- Виват, Россия! Виват, Сочи!
- Урра! Мы становимся конкурентоспособной страной!
Шендерович, ты тоже плачешь? Вот не ожидал... Молодчина!!
- Я т-так болел за З-Зальцбург... [/b]
Корпорация Мегаполиса Pi7.ru порадовала новым выходом очередного сборника нюансов.
Меня удивила примем это "[url=http://www.2nt.ru/go/videoerotika.php]Водные процедуры [/url]" - Канечно вы можете встретить и ради себя ворох интерестного
Ну а впрочем лучшее специи через скуки это анекдотец.
[url=http://my.pi7.ru/users/katya][IMG]http://www.my.pi7.ru/images/users/photos/medium/bdb3c100dac8b0b72aad1206a1d1d8c9.jpg[/IMG][/url]