11.09.2007

БІліміңе білім қос...

Біздің отандық білім жүйесі «халықаралық стандарттарға қаншалықты сай?» деген сауалды өзімізге жиі қоятынымыз рас. Тіпті Қазақ Елі бойынша білім рейтингі бойынша деңгейлері тәуір жоғарғы оқу орындарында оқитындар мен қызмет жасайтындардың «база жоқ, кітап жоқ, білім сапасы көңіл көншітпейді» деген пікірлерін естиміз.
Бүгін ғана бір оқытушымыз өзінің алғашқы дәрісінде «американдық студенттердің сендерден айырмашылығын білесіңдер ме?» деп сұрақ қойды. – «Олар білім алулары мен табысқа жетулерінің 70 пайызы өздерінен деп біледі. Яғни, олар университетте оқу дегенді – 70 пайыз өзіңді-өзің оқыту деп түсінеді».
«Американдық» «ізденушілердің» мүмкіндіктердің мол екендігін (теорияны практикада қатар ұштастыра алу жағдайы, соңғы технологияларды дәрістерінде қолдануы, мол миллиондық ақпарат тасқыны, ғаламторға еркін ену мүмкіндігі, т.т.) мойындасақ та, оқытушымның сөзінің жаны бар сияқты.
Сіз қалай ойлайсыз???

3 комментария:

massagan комментирует...

[b]Қазақстан Университеттері Әлемдік Стандарқа сай ма?[/b]

Осы туралы өз ойымды айта кетейін.

Меніңше, Университетте ең маңыздысы оқытушы. Рулсіз машина жүрмейтіндей оқытушысыз студент жүрмейді. Мейлі, оқытушы көп үйретпей-ақ қойсын, себебі айтатын шығар Университетте өзің оқып білу маңызды деп. Дұрыс, өзің оқып үйренесің, бірақ Оқытушы - мейлі профессор болсын, мейлі мұғалім болсын, дұрыс жол көрсетіп - оқу тәсілін көрсете білу керек балаға.

Екінші бір маңызды нәрсе - бұл оқу ортаға байланысты. Бұларға Университеттің материалдық базасы, ауласы, кітапхана, асхана т.с.с нәрселерді атауға болады.

Үшінші маңыздысы - оқытушы мен студенттер біріккен ғылыми жұмыстар.

Төртінші маңыздысы - бұл студент пен Унивеситет арасындағы байланыс. Мысалы іс-қағаз, студенттерге қызмет көрсету т.б

Бесінші деп сабақтан тыс спорттық және мәдени жұмыстарды айтар едім.

Алтыншы маңызды деп, Университеттің басқа Университеттерімен ара-байланысы деп едім. Мысалы шетелдік Университеттермен білім алмасу, студент, оқытушы және әдістеме (методика) алмасу т/б жұмыстарды атауға болады.

Сосын Студентерді ынталандыру жұмыстары, Оқытушылардың білім деңгейін көтеру шаралары т/б маңызды істер көп-ақ..

Осылай, Университет көптеген жайттарға келіп тіркеледі.


Енді осыларға қарап өз Университетімізді бағалайық

Анонимный комментирует...

Оте жаксы макала. Арине, мугалим тек багыт-багдар беруши, оны алып кетуши - студент. Сондыктан,колда бар мумкиндикти пайдаланганымыз жон.

Анонимный комментирует...

Әрине кобінесе өзіңе байланысты, бірақ сол өзің қалағаныңдай білім алуыңа біздің елде мүмкіндіктер шектеулі іспетті. Неге? Біріншіден сабак кестесін қиындатып жібергіш ЖОО. Мысалы менде арасындагы керексіз "терезелерін" қосқанда университетте болу уакыты көбіне 8 сагаттай. Ал сол сабак арасындагы бос уакытты кітапханаға арнауға да улгермейсің, себебі кезекте тұрудың өзі біраз уақыт, екіншіден жылдам мәлімет алуға ыңғайлы интернетте отыруға мумкіндік жоқ: не ғаламтордың жылдамдығы ұйықтатарлық, не ол университет қабырғасында бола тұра тым қымбат, не тіпті жоқ!!!!
Меніңше интернет бір әңгіме, ал жетілмеген "кредиттік технологиямен" оқу екінші үлкен мәселе. Шел елге алыс бармай-ақ, ҚМЭБИ-ге ұқсап бағуға болады ғой! (Онда студент пән түрін, мұғалімді, оқитын уақытын оз ыңғайына қарай жасайды)