11.09.2007

Күн батыс

Таң атады, күн батады. Зымыраған уақыт. Үлкен қаладағы қым-қуыт тіршілік тәуліктегі талай сағатыңды ұрлайды. Тіршілік үшін күрес. Жанталас. Тайталас.
Биік тауға шығып, қала қозғалысына көз салсаң, осы қала әлеміндегі талай "нүктелерді" көресің. Әншейінде шулы Қала жым-жырт күйге енеді. .Жыпырлаған ғимараттар. Алматы аспанын торлаған тұмша түтін.
Тағы бір күннің батысы...




2 комментария:

Анонимный комментирует...

Шынымен де солай, осыны оқып, көз алдыма Көктөбені елестеттім.

Анонимный комментирует...

БІРТҰТАС ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН НАСИХАТТАУМЕН ҚАТАР РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ДАМЫТУДА "ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РӨЛІ
(Пресс-релиз)
2007 жылы 26 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы – «Қазақстан-Заман», «Президент және Халық» газеттері оқырмандарының және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлескен – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы 30-дан аса салалық «Қазақ үні» мәдени орталықтарының ұйымдастыруымен
Біртұтас Қазақстан халқының мәдениетін насихаттаумен қатар, Республикадағы этносаралық келісімді дамытуда «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысының» рөлі (орны) атты тақырыпта семинар-кеңес өтеді.
«Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – қазақ өркениетін, қазақ мәдениетін зерттеп, насихаттап жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ат салысуға талпынған азаматтарға қолдау көрсету екенін кең жұртшылыққа жеткізіп, осы істерге араласуға қабілеті-мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген жандарды қордың көп салалы «Қазақ үні» мәдени Орталықтарының мүшелігіне тарту.
Іс-шараның бағдарламасы:
15.00 – 15.20 Тақырып бойынша баяндама. (баяндамашы: «Аллажар-қолдау» ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі –жазушы-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты Совет-Хан Ғаббасов)
15.20 – 16.00 - тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
16.00 – 16.45 – «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысын» құрушылардың ынталы тобын бекіту. (ұсыныс жасаушы: «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев)
16.45 – 17.00 – сусын ішу (шай, қымыз, шұбат).
17.00 – 17.30 – ұрпақ тәрбиесіне арналған семинар-тренингтің әдістемесімен таныстыру. (таныстырушы: профессор Совет-Хан Ғаббасов)
Семинар-кеңеске ұрпақ тәрбиесіне қатысы бар мемлекеттік құрылым өкілдері, ұрпақ тәрбиесі толғандырып жүрген қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар, өмірлік тәжірибесі бар азаматтар қатысады деп күтілуде.
Семинар-кеңес өтетін мекен-жай: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы,105. Қазақстан жазушылар Одағының «Әдебиетшілер Үйі».
Байланыс телефондары: тел/факс 225-25-11, 263-21-35, 8 777 356 0092, 8 701 277 1683, 8 701 712 4511.